Күн қашан жылынады?

Синоптиктер күн қашан жылынатынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 29 қаңтардан 30 қаңтарға дейін аяз Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында босаңсып, аптаның аяғында ауа температурасы -35-41 градустан -15-23 градусқа дейін, түнде -25-33 градустан -7-15 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік аймақтарда түнгі температура -21-35 градустан -5-13 градусқа, күндіз -15 -2-ден -2 + 3 градусқа дейін көтеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда синоптиктер орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қатты аяз болатыны туралы дауылды ескерту жасаған болатын.

«Одан кейін қатты аяз еліміздің оңтүстік аумақтары — Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына да жетіп, 29 қаңтарға дейін осы ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды» деп хабарлады «Қазгидромет» өкілдері.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *