Қостанайлықтар автобус кестесін смартфон арқылы бақылай алады

Қостанайда қоғамдық көліктердің кестесін бақылауға мүмкіндік беретін мобильдік қосымша іске қосылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа жобаның авторы Мұхтар Ілиясов қосымшаны қолдану жүйесі туралы айтып берді.
«Негізінен, біз іске қосқан қосымша Рязань қаласының мамандары жасаған бағдарламаға ұқсайды. Бұл жүйе автобустарға GPS-трекер орнатқан соң қосылады. Мұнан соң қоғамдық көліктердің бағыты серверге түседі. «Ақылды көлік» қосымшасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолайлы жағдайларды қарастырған. Сайтта (Smartbus.kz) мүгедектердің түсіп-мінуіне ыңғайлы автобустар ақ түспен белгіленіп тұрады. Бұл қызмет Android және IOS платформаларында жақын арада пайда болмақ» дейді М.Ілиясов.
Қосымшаны браузер арқылы Smartbus.kz сайтында, сондай-ақ, Android және IOS бағдарламалық жүйелері арқылы ұялы телефонда пайдалануға болады.
«Қосымшаның тағы бір артықшылығы бар. Кез келген тұтынушы А нүктесінен В нүктесіне мекен жайды көрсетеді. Бұдан соң бағдарлама автобустардың кестесін шығарады. Осылайша, әркім өздеріне қажетті қоғамдық көліктерді таңдайды» деп түсіндірді қосымша авторы.

Айта кетейік, «Ақылды көлік» жүйесі Қостанайдағы 10 автобусқа енгізілді. 15 наурызға дейін барлық қоғамдық көлік жаңа жүйеге қосылады.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанайда 200 мың доллардан астам криптоактивтер табылды

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті KZobmen.com, 1WM.KZ, Kazobmen.ru, WM007.KZ, KZ-EXCHANGE.COM крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО ...