Туыстарының көзінше әйелін өлтірген қостанайлыққа қатысты сот үкімі шықты

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі соты 30 жылдан аса уақыт бірге тұрған әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімін шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға былтыр 23 мамырда шамамен сағат 00.30-да Қостанай ауданы Затобол ауылында болған. Іс-материалдарына қарағанда, ер адам әйеліне төрт рет пышақ салған. Сол сәтте айғайдан басқа бөлмеде жатқан баланың оянып кеткені айтылады. Салдарынан әйелі оқиға орнында қаза болған.
Психологиялық-психиатрлық сараптаманың қорытындысы ер адамның психикалық тұрғыдан дені сау емес екенін көрсетті.
«Қостанай облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп таныды. Оның қабілетсіз халде екені анықталды» делінген облыстық соттың хабарламасында. Соттың үкімімен ер адам мамандандырылған психиатрлық стационарда ем алуға мәжбүр.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *