Торғай геоглифтері қоршалатын болды

Қостанай облысы әкімдігінің кезекті аппарат мәжілісінде Қостанай облысының туризмін дамыту мәселелері қаралды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабековтің айтуынша, биыл туризмді дамытуға арналған негізгі жоспар жасалды. Бұған жергілікті бюджеттен 43 млн теңге қарастырылып отыр. Барлығы 25 іс-шара жүзеге аспақ.
«2018 жылы Аманкелді ауданы аумағындағы Торғай геоглифтерін қоршауға 17 млн теңге бөлінеді. Қазір бұл мәселе Мәдениет басқармасының қарауында. Бұдан басқа 5 инвестициялық жобаны қолға алдық. Аманкелді, Жанкелдин, Меңдіқара, Қостанай, Қарасу, Наурызым аудандарында туристерге арналған сервис жүйесі құрылады» деді И. Құдабеков.
Бұл идеяны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те қолдады. Дегенмен, облыс туризмін дамытуға басқа да аудандардың атсалысуын тапсырды.

«Облыс табиғаты аңшылыққа қолайлы, бірақ заңсыздыққа жол берілмеуі тиіс. Барлық жерде қызмет көрсету сапасын арттырып, жол бойындағы дәмхана, қонақ үйлер санын арттырған жөн. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестікті дамыту қажет. Біздің облыс арқылы халықаралық маңызы бар жолдар өтеді. Басқа облыстарға қарап, үлгі алыңыздар. Сервистік нысандарды көбейтуді қолға алу керек» деді Архимед Мұхамбетов.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *