Қостанайлық жастар Аягөзге көмек жеткізетін демеуші іздейді

Қостанай облыстық Жастар ресурстық орталығы ШҚО Аягөз ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін қор құрды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Табиғат апатынан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсету мақсатында әр облыста арнайы штабтар ашылып, қор құрылып жатқаны белгілі. Сауапты іске Қостанай облыстық Жастар ресурсы орталығы да қосылды.
«Біздің орталық «Қайырымдылық айлығы» шеңберінде Аягөзде су тасқынынан қиындыққа ұшырағандарға көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Шараның мақсаты — мұқтаж жандарға ақшалай және гуманитарлық көмек көрсету», — дейді орталық жетекшісі Айгүл Абдулина.
Айта кетейік, орталық қоры Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты базасында құрылды.
Апта басынан бері қиындыққа тап болғандарға киім-кешек, азық-түлік қабылданып жатыр. Қазірдің өзінде 100 келіге жуық киім жиналған. Алайда, мұның бәрін Аягөзге жеткізу мұң болып отырған көрінеді.
 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *