Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге Қостанайдан пәтер беріледі

Пхенчхандағы Паралимпиадада «алтын» медальды жеңіп алған Александр Колядинге Қостанайдан үй берілмек деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін облыс әкімдігінде өткен алқа мәжілісінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өткен жылы атқарған жұмыстары сараланып, алдағы жылға есеп берілді. Жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Паралимпиадада Қазақстан құрамасы сапында абыройлы өнер көрсеткен Александр Колядинге құрмет көрсету керектігін айтты.
«Александр Колядин ел спортының тарихына алтын әріппен енді. Ол — Паралимпиададан «алтын» алған әзірге жалғыз спортшы. Жерлесіміздің осындай жетістігі басқа да мүмкіндігі шектеулі жандарға үлгі. Ол екі күннен соң Қостанайға келеді. Оның лайықты күтіп алып, пәтер сыйлаймыз» деді облыс әкім.
Мәжілісте баяндама жасаған басқарма басшысы Гүлнәр Әбенованың сөзінше, биыл Колядиннің оң аяғындағы протез ауыстырылады. Бұған бюджеттен 1,85 млн теңге қаржы бөлінеді.

Айта кетейік, 2017 жылы дәл осындай көмек қостанайлық тағы бір спортшы Кирилл Остапенкоға да көрсетілген еді.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *