Қостанайлықтар VIP-номерлер сатып алуға 38 млн теңге жұмсаған

Жыл басынан бері қостанайлықтар автокөлік нөмірлерін сатып алу үшін 38 млн теңге жұмсады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық ІІД Тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің мәліметінше, өңірдегі көлік жүргізушілер арасында 010 нөмір белгісі ерекше танымал. Мұндай 54 дана нөмір сатылған. Одан кейін 077 нөмірі 27 көлік иесіне өткен. «Көп сұранысқа ие болған 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлерінің бағасы 57 АЕК құрады. 888 нөмірін өңірдің 9 тұрғыны сатып алған. Ал 999 нөмірін 7 көлік иесі еншілеген. Жалпы, жыл басынан бері 144 VIP нөмір сатылған. Жалпы, жыл басынан бері қостанайлықтар әдемі нөмірлер үшін бюджетке 38 208 235 теңге аударды» делінген облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар қарапайым мемлекеттік тіркеу нөмірінің қасында тек әдемі әріптердің тізілгенін құп көрсеңіз, онда қосымша 137 мың теңге төлеуге тура келеді. Қостанайлық көлік жүргізушілер XAS, BEK, AAA, SAK әріп белгілерін көбірек таңдаған.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *