Monthly Archives: наурыз 2018

7 пайыздық ипотека қай кезде беріледі?

Қазіргі кезде мемлекеттік органдар мен банктер «7-20-25» бағдарламасын пысықтап жатыр. Дегенмен, Ұлттық банк арзан ипотеканы беру мерзімін белгілеп қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «7 проценттік ипотеканы беру жұмыстары шамамен жылдың ортасында басталады. Маусым айының аяғына дейін барлық құқықтық-ұйымдастырушылық шараларын аяқтаймыз деген жоспар бар. Содан шілде-тамыз айларында банктер арзан ипотеканы беруді бастайды» деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ҚазАқпарат тілшісіне ...

Толығырақ »

Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс — Ерлан Сағадиев

Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жол картасы бойынша қосымша оқу гранттарына қатысты ұсыныстарымыз тиісті қаулы жобасы ретінде министрліктерге, «Атамекен» ҰКП-ге және жоғары оқу орындарына жіберілді. Енді олардың ұсыныстарын ...

Толығырақ »

Ерлан Сағадиев жатақханалар қалай салынатынын айтты

Жатақханаларды мемлекеттік бюджет есебінен салу үшін 5 жылға 225 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз банктермен, жоғары оқу орындарымен, құрылыс компанияларымен, Ұлттық банкпен, Қаржы және Ұлттық экономика министрлігімен бірнеше жиналыс өткіздік. Бәріне ыңғайлы, түсінікті және ...

Толығырақ »

Қостанай облысы экотуризмді дамытады

Қостанай облысын туристік дестинация ретінде дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Бұл туралы өңір әкімдігінде өткен жиында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабеков мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біздің облысымыз Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан немесе Оңтүстік Қазақстан облыстары сияқты табиғи ресурстарға бай болмаса да, туризм бағыттарын дамытудың алғышарттарын құрды. Мәселен, Наурызым қорығының, Қарабалық қорықшасының, «Алтын дала» резерваты табиғатының ...

Толығырақ »

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қазақстандықтар Наурыз мейрамында бес күн демалады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, елімізде Наурыз мейрамы қатарынан үш күн тойланады — 21, 22 және 23 наурыз. Ал қалған екі күн демалыс күндеріне түскендіктен қазақстандықтар сәрсенбіден бастап жексенбіге дейін демалады. Осылайша, Наурыз мейрамында бес күн демаламыз. Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандықтардың наурыз айында 13 күн демалатыны хабарланған ...

Толығырақ »

Әлем елдері студенттердің жатақхана мәселесін қалай шешуде?

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина әлемнің дамыған елдері жатақхана мәселесін қалай шешіп жатқаны туралы айтты деп хабарлайды «ҚазАқпарат» «Жатақхана құрылысының инвестициялық тартымдылығы турасында сөйлессек. Не себептен студенттерге арналған жатақхананы салу тиімді? Бұл жерде екі фактор бар. Біріншісі дағдарыс жағдайында әсіресе білім беру саласына көптеп қаржы құйылады. Яғни, білім беру гранттары көбейеді. Сол ...

Толығырақ »

Торғай геоглифтері қоршалатын болды

Қостанай облысы әкімдігінің кезекті аппарат мәжілісінде Қостанай облысының туризмін дамыту мәселелері қаралды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабековтің айтуынша, биыл туризмді дамытуға арналған негізгі жоспар жасалды. Бұған жергілікті бюджеттен 43 млн теңге қарастырылып отыр. Барлығы 25 іс-шара жүзеге аспақ. «2018 жылы Аманкелді ауданы аумағындағы Торғай геоглифтерін қоршауға 17 млн теңге бөлінеді. Қазір бұл ...

Толығырақ »

Қостанай әуежайының ұшу-қону жолағына қаржы бөлінді

Қостанайдағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жөндеу үшін облыстық бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Архимед Мұхамбетов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанайдың халықаралық әуежайы 1964 жылы пайдалануға берілген. Онда әуежай кешені, аэровокзал, аэродром, авиатехникалық база, жерүсті техникасы және қажетті басқа да жабдықтар қамтылған. Ал ұшу-қону жолағы 30 жыл бойы жөндеу көрмеген. «Расын айту керек, ...

Толығырақ »

«Тобыл» футбол клубы сатылады

Жекешелендірудің 2016 — 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде Қостанай облысындағы 22 нысан бәсекелес ортаға беріледі. Бұл туралы аппарат мәжілісінде өткен жиында облыстық Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, облыс бойынша 9 нысан сатылды, ал 11-і таратылу процесінде. Ал «Іскер Арқалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жекешелендіруге жататын объектілер тізімінен алынып тасталды. Сондай-ақ ...

Толығырақ »

Құтты алап — қазақтың құты

Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатқан тәуелсіздік дәуірінде солтүстік өңірінде де тарихи жер-су атаулары қалпына келтіріліп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Патшалық заманда және советтік дәуірде өзгеріске ұшыраған атаулардан арылатын уақыт келді. Алайда, батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатыны секілді, атауларды өзгерту немесе тарихи атауларды қайтару әлі де баяу жүріп жатқан секілді. Қазақ даласында осы күні Затобол, Заречный, Притобольский, Приреченский секілді зорлап жапсырылған ...

Толығырақ »