АрқМПИ: 50 балл жинаған түлек грантқа түсе алады деген ақпарат жалған!

 
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педогогикалық институты әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кеткен жөн, белгісіз біреу таратқан мәлімет бойынша аталған жоғары оқу орны физика-математика мамандығы бойынша 50 ұпаймен абитуриент қабылдай береді. Себебі қосымша мемлекеттік гранттар бөлінді. «Сәлем, әріптестер! Арқалық пед.инст. физ-матқа қосымша грант бөлініпті. Базаға түспепті әлі, 50 балл жинағанда грантқа ілінеді. Оқушы жоқ деп отыр, таныстарыңызға айтыңыздар, таратыңыздар, грант игерілмей қалады!», — делінген хабарламада.

ЖОО қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Кенжебек Иманқұловтың айтуынша, мессенджерлер арқылы тарап жатқан ақпарат жалған. «Иә, ол хабарлама үш-төрт күннен бері біздің жақта да тарап жатыр. Ондағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біреу WhatsApp-пен таратып жіберген ғой. Негізі, бізде физика-математика мамандығы бойынша мақсатты түрде 6 грант, сосын «Серпін» бойынша 25 грант бөлінді. Сонда барлығы 31 грант. Осы гранттарға қанша ұпаймен өтетіні тек конкурсқа ғана байланысты. 50 ұпаймен өтеді деген меже жоқ. Құжат қабылдау ертеңге дейін жалғасады. Ал конкурстың нәтижесі 5 тамызда шығады. Қазір оңтүстік аймақтар «Серпінмен» келетіндерді белгілеп жатыр. Бірақ 50 ұпай алғандардың бәрін өткізеді деген әңгіме жоқ. Барлығы тек конкурспен ғана шешіледі», — деді К.Иманқұлов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *