75 мыңнан аса түлектің 60327-сі құжаттарын қазақ тіліндегі оқу бөліміне тапсырған

Білім грантын тағайындау конкурсына 75430 адам қатысуда, оның ішінде 60327 адам  – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 14810 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне, 293 адам — ағылшын тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 5494 адам конкурсқа қатысуда деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР БҒМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де еліміздегі білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы басталып, алғашқы отырысы өтті. Комиссия отырысын Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жүргізді. Онда еліміздің жоғары оқу орындарына биылғы оқу жылына студенттер қабылдауға дайындық жұмысы қорытындыланды.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, министрлік жыл бойы іріктеу сапасын арттыру және студенттер контингентін қалып­тас­тыру бойынша бірқатар жүйелі жұмыс атқарған. Ма­ңыздысы, биыл Мем­лекет бас­шысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Бес әлеуметтік бас­тама­сы» аясында мемлекеттік тап­сырыстың көлемі 20 мың грантқа артып отыр. Оның 11 мы­ңы техникалық бағыттарға, оның ішінде ақпараттық технологиялар, робот техникасы және нанотехнологиялар салаларына, 5 мыңы еңбек нарығында қа­жет­тілік байқалып отырған басқа ма­мандықтарға, 3 мыңы магистр­лерді даярлауға, 1 мыңы PhD док­тор­ларын даярлауға бағыт­талған.
Осылайша, білім грант­тарының саны 53 594-ке жет­іп отыр. Білім гранттарының 5944-і күндізгі оқытудың 1-курсына, 2650-і жоғары оқу орындарының да­йындық бөлімдеріне қабыл­дауға бөлінген. Көрсе­тілген ба­сым­дықтарды ескере отырып, 24737 грантты техникалық жә­не технологиялық маман­дық­­тарға, 9499 грантты педа­­го­­гикалық, 2785 грантты ауыл шаруашылығы және ветеринария, 2700 грантты меди­ци­на­лық, 1450 грантты гума­­ни­­тар­лық, 100 грантты құқық, 300 грант­ты өнер, 1780 грант­­ты әлеу­­меттік ғылымдар, эко­но­мика және бизнес, 3246 грант­ты та­би­ғи ғылымдар, 2330 грант­ты қыз­мет көрсету, 500 грантты әс­кери іс және қауіп­сіз­дік маман­дық­тарына бөлу көз­деліп отыр. Со­ндай-ақ мем­лекеттік тап­сырысты орналас­тыруға рұқ­сат етілген жоғары оқу орын­дарының тізімі де то­лыға түскен.

Сондай-ақ, министрлік өкілдерінің айтуларынша, білім грантын тағайындау конкурсына 75430 адам қатысып, оның ішінде 60327 адам  – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 14810 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне, 293 адам — ағылшын тіліндегі оқу бөліміне тапсырған.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 5494 адам конкурсқа қатысуда.

«Өткен жылға қарағанда биыл мектеп түлектерінің көрсеткіштері жоғары. Әйтпесе былтыр көп бала өзге мемлекеттерге оқуға кетіп еді. Қазіргі кезде елімізде оқығысы келетін студенттер саны өсті. Соңын ішінде қазақ мектебін бітіргендердің көрсеткіші жоғары болып отыр. Қазір еліміздегі оқушылардың 80 пайызы қазақ мектептерінде оқып жатыр. Бұрын 50 де 50 процент болатын болса, соңғы жылдары, әсіресе, биыл қазақ мектебін бітірген балалардың 75 пайызы  конкурсқа қатысатын болды», — деді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов.

Тобыл-Торғай-ақпарат
коллаж: egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Қытай компаниясы Қостанайда теледидар зауытын салады

Қытайдың HKC Corporation Limited компаниясының акционерлері Қостанайдағы теледидар мен монитор шығаратын зауытқа 20 миллион доллар ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *