Қытай компаниясы Қостанайда теледидар зауытын салады

Қытайдың HKC Corporation Limited компаниясының акционерлері Қостанайдағы теледидар мен монитор шығаратын зауытқа 20 миллион доллар салады. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

Kazakh Invest баспасөз қызметінің мәліметінше, HKC компаниясы монитор және теледидар шығару бойынша Қытай нарығындағы ірі өндірушілердің бестігіне кіреді.

Қазақстанның солтүстігінде құрастыру зауытын салу жоспарланған. Инвестицияның бастапқы көлемі – 20 миллион доллар. Акционер жылына үш миллион дана техника шығармақ.

HKC Corporation Limited вице-президенті Ли Джин атап өткендей, Қостанайдың Ресей мен өзге де ТМД елдерімен жақын орналасуы оның артықшылықтарының бірі ретінде қарастырылған. Қытай компаниясының басшысы таяу уақытта әлемдік деңгейге шығуды жоспарлап отыр.

Егер жоба жоспар бойынша жүзеге асырылса, Қазақстанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт қызметкерлері жергілікті халықтан алынады.

Зауыт келесі жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

Қазақстанда салынатын зауыттың баламасы Нидерландыда бар. Ондағы құрастыру цехы жылына екі миллион теледидар шығарады.

Тобыл-Торғай-ақпарат

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *