3, 6 және 8-сыныптарға арналған оқулықтардың соңғы нұсқалары басылып шығарылды

Білім және ғылым министрлігі 3, 6 және 8-сыныптарға арналған  оқулықтарды оқыту процесіне енгізу бойынша  едәуір жұмыс атқарды. Барлық оқулықтар ғылыми және педагогикалық сараптамадан, сондай-ақ, еліміздің 30 пилоттық мектебінде сынақтан өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.

Оқулықтарды қоғамдық бағалау жұмыстары ұйымдастырылды.  Сараптама кезінде «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтындағы «Қоғамдық бағалау» порталына 3, 6, 8-сынып оқулықтарының макеттері орналастырылды. Қоғамдық бағалау қызметі туралы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы таратылып, Білім беру басқармаларына хаттар жіберілді. Порталға ата-аналар мен педагогтар қауымынан 4000-нан аса ескерту мен ұсыныстар келіп түсті. Бұл ұсыныстарды авторлар оқулықтарды өңдеуде ескерді.

2017 жылдың қараша айында педагогтарды 3, 6 және 8-сынып оқулықтарымен таныстыру мақсатында республиканың барлық өңірінде әдістемелік семинарлар өткізілді. Оған  7 мыңнан астам мұғалім мен әдіскер,  160-тан астам оқулық авторы қатысты. Олар оқулықтардың мазмұны мен құрылымын жақсарту бойынша ескертулер мен ұсыныстарын жасады.

Оқулықтардың сапасын арттыру мақсатында Пәндік комиссиялар құрамы 191 адамға дейін көбейтілді. Комиссиялар құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілді.

Сонымен қатар 3, 6 және 8-сыныптарға арналған оқулықтар  пәндік комиссиялардың 2 отырысында қаралды.

Оқулықтарға лингвистикалық талдау жүргізу және оның мазмұнын әлеуметтің қабылдауын анықтау мақсатында министрлік оқулық сарапшылары, үздік мұғалімдер, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының қызметкерлері және журналистер мен қоғамдық ұйым өкілдері, барлығы 74 адамнан тұратын Жұмыс тобын ұйымдастырды. Жұмыс тобының барлық ұсыныстары оқулықтар мен ОӘК соңғы нұсқасын басып шығару барысында ескерілді.

Тобыл-Торғай-ақпарат

 

 

 

 

 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *