Астанада Қостанай облысының ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтеді

1-2 қыркүйекте елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Республика аймақтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы іс-шаралар жоспары бойынша Қостанай облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өтеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2 күн болатын жәрмеңкеде облыстың 14 ауданы мен 3 қаласының 60-тан астам кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімдерін сатылымға шығарады. Жәрмеңкеде 380 тонна көлемінде 100-ден астам өнім сатылады: мал етінің барлық түрлері — 50 тонна, сүт өнімдері — 35 тонна, шұжық өнімдері және жартылай дайындалған өнімдер — 20 тонна, жарма және макарон өнімдері — 30 тонна, қартоп және көкөністер — 60 тонна, нан және кондитер өнімдері — 20 тонна, жұмыртқа — 20 тонна, ұн — 50 тонна, және тағы басқа.
Барлық өнім Астана қаласы сауда орындарындағы бағалардан төмен болады.

Жәрмеңкені өткізу орны — «Қазақстан» спорт кешені (Мұнайтпасов көш., 9) алаңы.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *