Қостанайда алғашқы жылы аялдама салынды

Қостанайда бірінші рет қыс мезгіліне бейімделген аялдама ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа аялдама «Kostanay Plaza» сауда, ойын-сауық орталығының маңында орналасқан. Басты ерекшелігі — аялдама іші жылытылады.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, аялдама ішінде қыста +18 градус температура сақталады. Әзірге пилоттық режимде бір ғана аялдама іске қосылды.
«Бұл павильон бейнекамералармен жабдықталған. Нысан іші орталық диспетчерлік пункт арқылы бақыланып отырады. Аялдаманы екі пеш жылтады» деді қалалық ТКШ бөлмінің басшысы Алексей Тарасов.
Аялдама автоматты түрде таңғы сағат 6:30-да ашылып, түнгі 23:15-те жабылады.

Алексей Тарасов айтқандай, жоба құны — 4,5 млн теңге. Қаржыны облыс орталығындағы шаруа қожалығы бөлген.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанайдағы жеке тұрғын үйде өрт болды

Қостанайда жеке тұрғын үйде болған өрт 1941 жылы туған әйелдің өмірін жалмады деп хабарлайды ҚазАқпарат ...