Қостанай облысы 400 тоннадан астам етті экспортқа шығарды

Қостанай облысында мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы өңірдің ауқымды экспорттық әлеуетін толықтай жүзеге асыруы керек. Бұл пікірді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Жансұлтан Таукенов білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның арқасында облыста мал басы мен мал өнімдерінің көлемі арта түсті.
Ж.Таукеновтың сөзінше, облыс тұрғындардың етке деген қажеттілігі толығымен қамтылып отыр. «2027 жылға қарай ет өндіру көлемін 184 тоннаға жеткізу көзделген. Етке деген ішкі қажеттілік толығымен қамтылып, өзге өңірлерге оның 4,5 мың тоннасы жіберілген. Сондай-ақ 474 тонна ет Ресейге экспортталған. Ет өндіретін 26 кәсіпорын жергілікті шикізатпен қамтылып отыр» деді Ж.Таукенов.

Бүгінгі таңда мүйізді ірі қараның басы облыс бойынша 470-ке жетті. Ал жылқы саны 5% өсіп, 118 мыңды құрады. Қой мен ешкі 2% көбейіп, 499 мың бас болды. Тек шошқаның саны ғана 209 мың бас көлемінде қалып отыр.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...