Норвегиялық оқушылар бір-біріне баға береді

Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы. Дегенмен, әр елдің танымына, қоғамдық жағдайға байланысты оқу жүйесі әртүрлі болары анық. Мысалы, норвегиялық оқушыларға 8-сыныпқа дейін баға қойылмайды. Осындай ерекшеліктері бар Норвегияның білім беру жүйесімен таныс болыңыздар.
Норвегия еліндегі оқушылар он үш жыл білім алады. Оның алғашқы он жылын бастауыш және орта сыныпта өткізсе, соңғы үш жылында жоғарғы сынып оқушысы атанады. Бұл елдің мектептерінде бастауыш, орта және жоғарғы сынып оқушылары біздің елдегідей бір мектепте емес, жеке-жеке ғимараттарда білім алады.
Орта буын
Норвег оқушыларына басты қойылатын талап – дұрыс қарым-қатынас құру, өзгелерді бағалау. Мұғалімдер бұл талапқа оқуышыларды мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ үйретеді. Оқушылар 8-сыныпқа дейін бағаланбайды. 7-сыныпқа дейін әр оқушы сыныптастарын өз көзқарасымен бағаласа, ал 7-сыныпта өз-өздерін бағалайды.
Жоғарғы сынып
16 жасқа толған норвег оқушылары жоғарғы сыныпқа көшеді. Жоғарғы сынып үш жылды қамтиды. Жоғарғы мектептердің кейбірі екі бағыт бойынша білім береді: бірі – академиялық жүйеге, екіншісі – кәсіби шеберлікке баулиды. Жоғарғы сыныпта темір ұстасы, ағаш ұстасы, құрылыс маманы туралы түсінік беріліп, екі жыл тәжірибеден өтеді. Оқушылар информатика, экономика, математика және ағылшын тілінен қорытынды емтихан тапсырады. Оның ішінде математика пәнінен ауызша да, жазбаша да тапсырылады. Сонымен қатар, норвег тілінен және өзі қалаған бір пәннен тағы бір емтихан тапсырады. Мектеп бітірген соң, оқушылардың 80%-ы универститетке оқуға қабылданса, 20%-ы арнайы мамандандырылған колледжге құжат тапсырады.
Халықтық мектеп

Мектеп бітірген оқушылардың кейбірі халықтық мектептерге барады. Халықтық мектеп 150 жыл бұрын алғаш рет Данияда қалыптасқан. Бұл мектептің өзгешелігі, мұнда ұлттық таным – басты орында. Норвегияда жалпы саны 82 халықтық мектеп бар. Әр мектеп өз бағыты бойынша дараланып тұрады. Бірі спортқа, бірі туризмге, бірі шет тілін оқытуға, енді бірі өнерге, ал енді бірі әлеуметтік ғылымдарға, педагогика мен журналистикаға негізделген. Бірақ, бұл мектептің дипломы жұмысқа орналасуға кепілдік бере алмайды.

massaget.kz

Мынаны да қараңыз

Алтын қолды абзал адам

Марат аға! Бұл сәби күннен санада сақталған, жүректе жатталған, аса құрметпен аталар есім еді. Марат ...