Қостанайда сентимментал тұқымының палатасы құрылады

Қостанай обылысында симментал тұқымы республикалық палатасын құру туралы шешімді қара малдың осы түрін өсірумен айналысатын кәсіпкерлерден құралған ынталы топ өкілдері қабылдады. Олардың айтуынша, ортақ мәселелерді шешу үшін құзырлы орган қажет.

Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында «Агрогенетикс» ЖШС жетекшісі Марк Гумеров мұндай палатаның жұмыс істеуі заңға сай екенін мәлімдеп, бірқатар деректерді алға тартты.

«Қазақстанда 57 мыңнан астам симментал тұқымды сиыр бар. Оның көп бөлігі біздің облысқа тиесілі. Сондықтан, палатаны біздің өңірде құруға шешім қабылдап отырмыз», — деді ол.

Шаруашылық жетекшісі бүгінде симментал тұқымына субсидия берілмейтінін атап өтті. Бұрын әр басқа 20 мың теңгеден төленетін, қазір тек асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алуға ғана беріліп жүр.

«Субсидия сырттан әкелінетін қара малдарға ғана төленеді. Отандық төлдерге де берілуі керек», — дейді М.Гумеров.

Басқа әріптестері бұл ұсынысты қолдап, қара малдың симментал тұқымының палатасын құруға бірауыздан дауыс берді.

Қара малдың симментал тұқымы палатасының құрамына кәсіпкерлер ғана емес, ғалымдар, мал дәрігерлері енді. Ал палата кеңесінің төрағасы қызметіне «Баталы» ЖШС директоры Жансарт Ахметов, директоры болып Марк Гумеров тағайындалды.

Жақын арада палата әділет органдарында тіркелмек. Содан кейін палата басшылығы еліміздегі симментал тұқымын өсірумен айналысатын басқа да шаруашылықтардың жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...