14.11.2018

Қазақстандағы 20 ЖОО-ның лицензиясы қайтарылып алынды

Білім сапасына қойылатын талапқа сай емес еліміздегі 20 оқу орнының лицензиясы қайтарылып алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өздеріңіз білетіндей, «Бес әлеуметтік бастама» шеңберінде Елбасының тапсырмасы бойынша қосымша 20 мың грант бөлінген болатын. Бұл гранттар бойынша студенттер оқуын бастап кетті. Енді осындай мемлекеттен қамқорлық болып жатқаннан кейін, әрине, біздің оқу орындарының жауапкершілігі де арттырылуы керек», — деді Білім және ғылым вице-министрі ...

Толығырақ »

Әлхамдулилла, 18 млн-нан астық

2018 жылдың 1 қазанында Қазақстанда халық саны 18 млн 334,3 адам болды. Бұл өткен жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 237,4 мың адамға көп немесе 1,3 пайыз өскен деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика агенттігіне сілтеме жасап. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейінгі 2 354 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,3 ...

Толығырақ »

Алматыда «HackDay» инновациялық идеялар фестивалі өтті

Таяуда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі және Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен жыл сайынғы «HackDay» инновациялық идеялар фестивалі өтті деп хабарлайды  tobyl-torgai.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «HackDay 2018» фестиваліне 5 бағыт бойынша 3148 қатысушы қатысып, 500-ден астам жоба ұсынылды. Олар — «Ақпараттық технологиялар», «Контент және ...

Толығырақ »

Қарабалықта 220 келі тартатын бұзау өсіріледі

Қостанай облысының кәсіпкерлері шетелден етті сиыр алдырып, шаруашылығын дөңгелетіп отыр деп хабарлайды Хабар 24. Осы жолы Қарабалық ауданындағы серіктестік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штаттарынан 1843 бас абердин ангус сиырын сатып алды. Етті ірі қараның ерекшелігі — сегіз айлық бұзауы 220 келі тартады. Үш жастағы сиырлар 500 келіден астам ет берсе, бұқасы 850 келіден асады. Жалпы, 2010 жылдан бері Тобыл ...

Толығырақ »