Қарабалықта 220 келі тартатын бұзау өсіріледі

Қостанай облысының кәсіпкерлері шетелден етті сиыр алдырып, шаруашылығын дөңгелетіп отыр деп хабарлайды Хабар 24.
Осы жолы Қарабалық ауданындағы серіктестік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штаттарынан 1843 бас абердин ангус сиырын сатып алды. Етті ірі қараның ерекшелігі — сегіз айлық бұзауы 220 келі тартады. Үш жастағы сиырлар 500 келіден астам ет берсе, бұқасы 850 келіден асады. Жалпы, 2010 жылдан бері Тобыл өңіріне шетелден 13 800 бас ірі қара әкелінген. Бұл, өз кезегінде, мал өнімдері экспортын арттыруға жол ашады.

«Бұл мал жекелеген шаруашылықтарға бөлінеді. Олар сатып алады. Жылдан-жылға мал көбейіп жатыр. Қазір аудан бойынша 30 мыңның сыртында ірі қара бар. Кезінде санын азайтып алғанбыз», — деді Қарабалық аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ағыбай Бейсембаев.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...