Нұрсұлтан Назарбаев болашақ ұрпаққа хат жазып қалдырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болашақ ұрпаққа арналған хат жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Астана өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған форумда оқушылар Елбасына «уақыт капсуласын» ұсынып, аталмыш мектеп түлектеріне аманат хат жазып қалдыруды сұрады.
«Осындай ерекше маңызды мейрам күні алғашқы Зияткерлік мектепке «уақыт капсуласын» табыс еткіміз келеді. Осыған байланысты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2068 жылғы түлектеріне аманат хат жазып қалдыруды өтінеміз», — деді аталған мектептің түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Абылай Сатылхан.
Мемлекет басшысы жастардың сұрауына қолдау білдірді.
«Бұл, 2068 жылғы ұрпаққа арналған. Қазақта «елу жылда ел жаңа» деген сөз бар. Ол кезде жаңа технологиялар болады, адамдар 100-120 жыл жасауы мүмкін. Сондықтан, Құдай бұйыртса, осы жетістіктерді сол кезде көресіздер, бұл хатты ашып, оқисыздар»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мынаны да қараңыз

Тағы бір әйелдің өлі денесі табылды

Қостанай облысында 45 жастағы әйелдің денесі табылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оқиға ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *