Президент білім беруге ынталандыру тетіктерін күшейтуді тапсырды

Жастарға білім беруге ынталандырушы тетіктерді күшейту керек. Бұл туралы бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған форумда Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«STEAM- білім беруді белсенді енгізу керек. Яғни ол жаратылыстану ғылымдарын, технологияларды, инженерия мен математиканы білдіреді. Бұл пәндер заманауи әлемде талап етіліп келеді», — деп тоқталды Елбасы.
Осы орайда Президент аталған бағыттарға ерекше көңіл бөлудің арқасында өнертапқыштар мен жаңалықтарды ашуға бейім ұрпақ қалыптасып келе жатқанын атап өтті.
«Дәл осы буын болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етеді. Өздеріңіз білесіздер, 2050 жылға қарай Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына енуі мақсатын қойдым. Бұл тұрғыда оқушыларды даярлауды ынталандыру тетігін күшейтіп, білім интеграциясын қамтамасыз ету қажет», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Президент жастар шет тілдерін меңгеруге көңіл бөлуі керектігін атап өтті.

Мынаны да қараңыз

Қанат Құлшыманов жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Құлшыманов ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ол ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *