Тарандағы жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды

Қостанай облысы Таран ауданы Аят ауылындағы жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 30 қараша күні кешкі сағат 17:00-де болған.

Баллон жарылып, үйдің 20 шаршы метрі өртеніп кеткен. Бір сағаттан соң келген төтеншеліктер қызыл жалынды жарты сағатта сөндіріп үлгерген.

1963, 1980 және 1989 жылғы тұрғындар ауруханаға жатқызылды.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Затобол ауылында 36 жастағы әйел үсіп өлген

Жергілікті полицейлер Қостанай облысы Затобол ауылында өлі табылған әйелге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *