Кәсіптік білім алғандардың өрісі кең

Елордадағы «Көрме» орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. 
Ұлттық чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен колледждер мен жоғары оқу орындарының 350-ге жуық студенті келген. Олар төрт күн бойы «кірпіш қалау», «бояу және әрлеу жұмыстары», «кондитерлік шеберлік», «электроника», «сән технологиясы», «шаштараз», «дәнекерлеуші», «аспаз», «наубай», «көлік сыртын жөндеу», «мейрамхана қызметі», «қонақ үй әкімшісі», «бизнестің ІТ шешімдері» сынды 30 мамандық бойынша кәсіби тұрғыда бақтарын сынап жатыр.
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ұлттық чемпионатқа арнайы келіп, жарысқа қатысушылардың өнерімен танысты.
«Бүгінгі шараның мәні айрықша. Себебі ел экономикасының түрлі салалары үшін қажетті болашақ мамандарды дайындау үстіндеміз. Ұлттық чемпионат осымен төртінші рет өтіп жатыр. Жалпы, Қазақстан алғаш рет WordSkills International қозғалысына қосылып, 2015 жылы алғашқы чемпионатын өткізген болатын. Жастарымыздың біліктілігі жыл сайын арта түсуде. Осы жылғы ұлттық чемпионатта жеңіске жеткендер 2019 жылы Қазан қаласында өтетін халықаралық деңгейдегі чемпионатта еліміздің намысын қорғайды» деді «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Әсима Бимендина.
Айта кетейік, WorldSkills — жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті насихаттауды мақсат ететін коммерциялық емес қозғалыс.
Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

Кеңістік — барлық нәрсенің, ал уақыт — бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *