Бюджет қаражатын жымқырған мемқызметші ұсталды

Қостанайда мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы директорының орынбасары 9 млн теңгеден қаражатты өзінің жеке есеп картасына аударып келген деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс деректерінде көрсетілгендей, аталған орталық директорының орынбасары 2017 жылдан бастап мекеменің қаржы-шаруашылық операцияларын өзі жүзеге асырып келген.
Оқытушыларға берілуі тиіс болған 9 млн теңгеден астам соманы өзінің жеке есеп картасына аударған. Кейін бұл қаражатты өз қалауы бойынша жұмсап отырған.
Экс-қызметкер төлеу қағазына жалған мәліметтерді, атап айтқанда, оқытушылардың жеке құжаттарын өзгертіп, өзінің карт-шотының нөмірін көрсеткен.
Бюджет қаражатын жымқырған әйел Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Осы уақыт аралығында пробациялық бақылау орнатылды. 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *