Науырзымдық сақшылар ұрланған жылқыларды иесіне қайтарды

Қостанай облысының Науырзым аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті шаруаның ұрланған жылқыларын тауып берді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Науырзым аудандық полиция бөлімшесіне Қараменді ауылының 68 жастағы тұрғыны арызданып, 6 жылқысы үнемі ауылдан 25 шақырым жердегі жайылымда жүретінін, алайда, биылғы 3 желтоқсанында олардың жоғалғанын біліп, өз бетінше іздестіре бастағанын айтқан. Бірақ ол ісі нәтиже бермегенге ұқсайды.
«Оқиға болған жерді тексеру барысында полиция қызметкерлері тіркемесі бар автокөлік пен мал іздерін анықтады. Бұдан әрі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылған тіркеменің иесін анықтады. Онымен әңгімелесу арқылы полицейлер күдіктілерді тапқан» дейді полицейлер.
Сондай-ақ, сақшылардың айтуларынша, ұрлық фактісі жасалғанға дейін жергілікті тұрғынның тіркемесін ала тұрған күдіктілер 35 және 49 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Ер адамдар бұрын қылмыстық жауапқа тартылмаған көрінеді.
Полициядағылар келтірілген шығынның жалпы сомасы 900 мың теңгені құрағанын, қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтады. Ал ұрланған жылқылар иесіне қайтарылған.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *