Білім мекемелерінің басшылары ата-аналар алдында есеп береді

Жиналыс барысында бюджет қаражатын игеру және бөлу жолдары қарастырылады

 Жиналыс барысында қаражатты бөлу, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және тамақтандыру мәселелері бойынша жұмыстың атқарылуы жөнінде есеп беріледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қалалық білім беру ұйымдарында, оның ішінде балабақшалар, мектептер мен колледждерде оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша ата-аналар жиналыстарын өткізу басталды.

«Жиналыс барысында білім беру ұйымдарының басшылары тарапынан бюджет қаражатын игеру және бөлу туралы есебі баяндалып, оқу-тәрбие жұмысының және тамақтануды ұйымдастыру мәселелері талқыланады, сондай-ақ, Қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітіледі» деп мәлімдеді Білім басқармасы өкілдері.

Осыған байланысты ведомство ата-аналарды жиналысқа қатысып, өзін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытуға шақырады.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Биылдан бастап 1-сынып оқушылары информатика пәнін оқиды

2019 жылдан бастап 1-сынып оқушыларына информатика пәні оқытылады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2017-2019 жылдары барлық ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *