Қостанай облысының әкіміне қояр сұрағыңыз бар ма?

Биыл 22 ақпанда Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің халық алдында есеп беруіне арналған қорытынды кездесуі өтеді.
Есеп беру кездесуіне дайындық шеңберінде облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылады. Сұрақтар мен ұсыныстар 1 ақпанға дейін қабылданады: әкімнің blogs.egov.kz блогына, 8 (7142) 575-057 телефон бойынша, 917 тегін нөмірге SMS-хабарлама арқылы (Beeline байланыс операторы).

Сондай-ақ оларды жабаша түрде Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66 мекен жайына «Есеп беру кездесуінің шеңберінде» деген белгімен жіберуге болады.

Тобыл-Торғай-ақпарат

 

Мынаны да қараңыз

Наурыз мейрамында Қостанайда өтетін іс-шаралар кестесі

Қостанай мектептерінде Наурыз мейрамын тойлау 13 наурыздан басталып кетті. Бүгін үстел теннисінен қалалық турнир өтіп жатыр. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *