14.03.2019

Жастар жылына қанша ақша бөлінеді?

Қазақстанда Жастар жылына республикалық бюджеттен 24,6 миллиард теңге бөлінеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «18-29 жас аралығындағы азаматтарға 3 миллион теңге көлемінде 200 грант бөлінеді. Ол үшін «Бизнестің жол картасы 2020″ бағдарламасы аясында 600 миллион теңге қарастырылып отыр. Гранттар инновациялық, IT, сондай-ақ, тиімді және қажетті бизнес жобаларды таныстырған жастарға бөлінеді. Бұл жастарға кәсіпкерлік ынтасын жоғарылатуға мүмкіндік беріп, мемлекеттің қаржыландыруы арқылы жақсы start up бастауға мүмкіндік ...

Толығырақ »

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

WhatsApp мессенджері жалған хабарлама таратушылармен күресу мақсатында жаңа функция енгізеді деп жазады Wabetainfo.com. Басылымның мәліметінше, бұл функция мессенджерге жолданған суреттерді Google-дан іздеуге мүмкіндік береді. Бірақ, мессенджер өкілдерінің айтуынша, бұл функция әзірше ресми түрде енгізілген жоқ. Сурет Google жүйесіне жүктелген соң жаңа функцияның арнайы браузерден іздеу нәтижесін көрсететіні айтылады. WhatsApp өкілдерінің сөзіне сүйенсек, бұл функция қолданушыларға өте пайдалы болады. Жаңа функция келген хабарламаның жалған немесе жалған ...

Толығырақ »

Қостанайда жер қатынастары бөлімінің басшысы ұсталды

Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты санкцияны қарады. «Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты жедел-тергеу тобының басшысы, Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Ж.Өтепқалиевтің Қостанай облысы прокурорының орынбасары К.Мамаевпен келісілген «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» ММ басшысын бұлтартпауға қатысты екі айға қамауға алу санкция шаралары ...

Толығырақ »

Клиенттердің құжаттарын пайдаланып, несие рәсімдеген

Жітіқаралық құқық қорғаушылар алаяқтықпен айналысқан банк қызметкерін ұстады. Күдікті банк бөлімшелерінің бірінде қызмет істеп жүріп, клиенттердің жеке куәліктері арқылы несие рәсімдеген. Сөйтіп, оңай олжаға кенеліп отырған. 25 жастағы банкир жігіт мұндай әрекетпен бір жылдан бері айналысып жүріпті. Айласын асырып дәніккен ол банк клиенттерінің құжаттарын пайдаланып, шағын несиелік ұйымдардан ғаламтор арқылы несие рәсімдеп отырған. Қарыз сұраушыдан көп құжат талап етпейтін, онлайн жұмыс ...

Толығырақ »

Қостанайлық студенттер қола жүлдемен оралды

Ресейдің Красноярск қаласында 2-12 наурыз аралығында өткен XXIX қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық студенттер барлығы 7 медаль олжалады. Жарысқа қатысқан қостанайлық студенттер қола жүлде қанжығалап қайтты. Жүлдеге іліккен жерлестер арасында Әлия Әмірғалиева, Қадиша Бақтыгереева, Мерсаид Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұратов сынды жастар бар. Олар шорт-тректен қола медаль алған болатын. Жүлдегерлер Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде оқиды.

Толығырақ »