Қостанайда жер қатынастары бөлімінің басшысы ұсталды

Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты санкцияны қарады.
«Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты жедел-тергеу тобының басшысы, Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Ж.Өтепқалиевтің Қостанай облысы прокурорының орынбасары К.Мамаевпен келісілген «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» ММ басшысын бұлтартпауға қатысты екі айға қамауға алу санкция шаралары туралы өтінішін мақұлдады» деп хабарланды облыстық соттан.
Шенеунікке қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты, яғни, алдын ала келісім бойынша бір топ адамнан пара алды деген айып тағылып отыр.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...