Қостанайлық коньки тебуші Канада турнирінде күміс медаль иеленді

Фото kstnews.kz

Канаданың Калгари қаласында өткен халықаралық турнирде қостанайлық Александр Кленко күміс медаль жеңіп алды.

Халықаралық жарыста сегіз елден барған 300-ге тарта спортшы бақ сынаған. Дмитрий Морозов, Екатерина Айдова және Александр Кленко сынды отандастарымыз Қазақстан құрамасының қоржынына алтын, күміс медальдер салды.

Дмитрий Морозов бес мың метрлік бәсекеде мәре сызығын бірінші болып кессе, Екатерина Айдова үш шақырымдық сында екінші орын алды. Мың метрге жүгірген Александр Кленко күмістен алқа тағынды. Бес жүз метрлік сайыста жерлесіміздің бағы жанбады. 11-ші орын.

Он шақырымға жүгірген Дмитрий Морозов жүлдеге іліге алмады. 13.03.94 уақытымен Қазақстан рекордын жаңартқанымен, оған бұйырғаны – төртінші орын.

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *