Ржев жерінен табылған торғайлық жауынгерге қатысты тың деректер (видео)

1941-45 жылдары Торғайға қарасты Қызбел ауылынан майдан даласына 287 жігіт аттанған. 100 жауынгер елге аман орлағанымен 87 сарбаздан қара қағаз келген немесе із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл қолдағы бар деректер бойынша жасалған статистика.

Он күн бұрын Мәскеуден екінші дүниежүзілік соғыс кезінде талай шайқасты бастан өткерген Ржев жерінен қазақ солдатының сүйегі табылды деген хабар келген-тұғын. Табылған жауынгер қазіргі Қостанай облысы Жанкелді ауданы Қызбел ауылдық округының Елжанов Нұрғазы есімді азаматы болып шықты.

Жерлесімнің тағдырын анықтап, бір дерегін білмекке бірнеше кісіге сұрау салғаныммен еш нәтиже шықпады. Қайта интернеттің құрығы ұзын болып шықты. Ресесйлік интернет кеңістігінде соғыс кезінде хабарсыз кеткен не қаза тапқан жауынгерлерді іздеуге арналған сайт бар екен. Сондай сайттардың бірнешеуін мұқият қарап жерлесім жайлы тың деректер таптым. Елжанов Нұрғазы бұрынғы Саға селосының Арал ауылынан аттанған. Руы — шынболат болуы мүмкін. 1923 жылы туған. Соғысқа 1942 жылдың 12 сәуірінде алынған. Өкінішке қарай, 1942 жылдың 15 шілдесінде Ржев ауданының Бельков ойпатында болған қанды шайқас кезінде қаза тапқан.

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ

Мынаны да қараңыз

Төлен ӘБДІК: Тарих және тарихи тұлға

Адамзаттың басты құндылықтары барша адам баласына ортақ десек те, тарихқа, тарихи тұлғаларға көзқарас әлемде әртүрлі. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *