Қостанайда сауда орталығына «бомба қойған» азамат іздестіріліп жатыр

Қостанайда сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деп қоңырау шалған күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 мамыр күні сағат 22.42-де «Солтүстік» полиция бөлімшесіне ер адам хабарласып, «Қостанай-Плаза» сауда дүкеніне жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Дереу оқиға орнына полиция, өрт сөндіру қызметі, құтқарушылар және жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері келді. Полиция қызметкерлері сауда орталығы аумағын қоршауға алып, көлік қозғалысын шектеді. Ғимарат ішіндегі 300-ге жуық азамат эвакуацияланды», — деді облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қызметкерлер «Қостанай-Плаза» ғимараты мен оған іргелес аумаққа тексеру жүргізді. Нәтижесіндн жарылғыш зат табылған жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер терроризм актісі туралы жалған хабар таратқан күдіктіге іздеу салды.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысының ауылдарын ауыз сумен қамту үшін қомақты қаражат бөлінді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстағы партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат «Nur ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *