Қостанайлық студенттер емтиханды қанша теңгеге тапсырады

Қостанайлық студенттер ЖОО-да кездесетін жемқорлық фактілері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Қостанай — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арнайы сараптама жүргізіп отырады. Бұл жолы мамандар білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға облыстың ЖОО студенттері қатысты.

«Бұл сауалнама оқу орнындағы профессорлар мен оқытушылар құрамының жұмыс деңгейін зерттеу және сыбайлас жемқорлық нүктелерін анықтау мақсатында жүргізілді. «Қостанай — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері түрлі факультеттерде оқитын 1200 студентті қатыстырды», — делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Респонденттердің бағалауы бойынша, жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай жоғары. Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың 22% ЖОО-да сыбайлас жемқорлық фактілері бар деп есептейді.  Ал суденттердің дені оқытушылардың пара алуына олардың төменгі жалақысы себеп деп есептейді.

«Студенттердің оқытушылар құрамы тарапынан қысым көрсету болмаса да, сессия кезінде ақша сұрайтынын айтады. Студенттерге «Қанша сома көлемінде пара бердіңіз?» деген сұрақ қойылды. 35 білім алушы сессия кезінде 5000 теңге, 6 студент 5-10 теңге аралығында пара берген. Ал 19 студент 20-30 мың аралығында ақша беріп, баға қойдырған», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Студенттерге жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ең тиімді шаралар ұсынылды. Айта кетейік, жобалық кеңсе қызметкерлері мұндай сауалнамаларды сессия және емтихан уақыттарында тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысының ауылдарын ауыз сумен қамту үшін қомақты қаражат бөлінді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстағы партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат «Nur ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *