Арқалық түрмесіне алғаш рет әйел адам түсті

Арқалық қаласы ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандар жазасын өтейтін түрмесімен де әйгілі. Жақында мұнда алғаш рет әйел адам түскен. Бұл — түрме тарихында алғаш рет кездесіп отырған жағдай.

Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«1993 жылы туған бойжеткен бұған дейін Алматы облысының ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп келген. Кейін Арқалық түрмесіне жіберілді. Бұл — қатаң режімдегі түрменің тарихындағы бірінші жағдай. Сотталған қыз ҚР ҚАК 96-бабы бойынша жазаны өтеудің белгіленген тәртібін жүйелі түрде бұзғаны үшін сот қаулысы негізінде толық қауіпсіздік мекемесіне келді», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, бойжеткен қасақана кісі өлтіргені үшін сотталған.

 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *