Қостанай облысы толықтай цифрлық хабар таратуға көшті – Зәуре Байменова

Қостанай облысы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшті деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. 

Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменова журналистермен өткен брифингте өңірде аналогтық теледидар толығымен ажыратылғанын айтты.

«1 шілдеден бастап Қостанай облысы цифрлық хабар таратуға толық өтті. Енді шалғай ауыл тұрғындары теледидарды ең жоғары сапада тегін көре алады. Бұған дейін халық арасында ақпарат-насихат жұмыстарын жүргіздік. Қостанай облысында аналогты телехабар таратуды ажырату және цифрлық хабарды сәтті қосу мақсатында 59 радио-телевизия стансасы салынды. Бұл облыс тұрғындарының 98%-ін цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамтуға мүмкіндік береді», — деді Зәуре Байменова.

Облыстағы 627 елді мекеннің 49-на техникалық мүмкіндіктерге байланысты сапалы хабар таратылмайды. Олар арнайы сигнал қабылдау аймағына кірмейді. Осылайша, 2 мыңға жуық үй шаруашылығының цифрлық телехабар тарату жүйесіне ену мүмкіндігі жоқ. Дегенмен, олар OTAU TV ұлттық операторының жерсеріктік теледидарына қосыла алады. Қазір облыста мұндай 50 мың абонент бар. Бүгінде облыстық және аудандық әкімдіктер атаулы әлеуметтік көмек алатын барлық отбасыларды сапалы хабар тарату жүйесімен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдады. Өңірімізде 687 аз қамтылған немесе көпбалалы отбасыға сандық хабар тарату ресивері тегін берілді.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *