Президент Қостанайдағы қазақтілді мектептің мәселесін шешуді тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектепке қатысты мәселені шешуді тапсырды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс» деп жазды Президент.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *