Қостанай облысының ауылдарын ауыз сумен қамту үшін қомақты қаражат бөлінді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстағы партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келген бір топ депутат Ирина Аронова, Иван Клименко мен Альбер Рау «Nur Otan» партиясының жалпыұлттық «Qutty meken» жобасы аясында Алтынсарин ауданына қарасты Докучаев ауылындағы су құбырларын жүргізу жұмыстарымен танысты.  Жалпы, биыл Қостанай облысының ауылдарын ауыз сумен қамтуға қомақты қаражат бөлінді.  Су нысандарын салуға 9,3 млрд тенге бюджет қазынасынан жұмсалды.

Айта кету керек, астықты аймақта 550-ге жуық елді мекен болса, соның үштен бірі ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен ауыз су мәселесі біртіндеп өз шешімін табуда.

«Аймақтарды дамыту — 2020» бағдарламасы аясында Докучаев ауылында 20 шақырым құбыр тарту көзделуде. Жобаның жалпы құны 779 млн теңгені құрайды. Әзірге бірінші ұңғыманың құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанда 40 адам жұмыс істейді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады» дейді Алтынсарин ауданының әкімі Ерлан Жаманов.

Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қостанай облысында ауыз сумен қамту, су тарту жүйелерін салу бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2011-2016 жылдар аралығында Қостанай облысында құны 34 млрд теңге болатын 75 жоба жүзе асты. Нәтижесінде 1,1 мың шақырым құбыр жаңартылды. «Докучаев ауылындағы су жүйесі — маңызды партиялық жобалардың бірі. Су тарту жүйелері арқылы биыл Докучаев пен Шоқай ауылдары сумен қамтылатын болады. Ауыз су мәселесі  Қостанай облысында шешіліп келеді. Мысалы,  өткен жылдың өзінде сумен қамтитын 25 нысан жөндеуден өтіп, 9,3 млрд теңгеге су құбыры тартылды. 12 ауыл, 60 мыңнан астам тұрғын облыс бойынша тіршілік нәріне қол жеткізді» дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова.

2015-2019 жылдар аралығында Қостанай облысында 15 жоба жүзеге асқан. «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары, осылайша, өңірдің өзекті мәселесін оңтайлы шешіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бәсеңдемейді. Одан кейін халық қалаулылары «Зуев» ЖШС-де болды.  Жұмысшылармен тілдесіп, сұрақтарына жауап берді.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *