Бокстан Әлем чемпионы Қостанайда адам өлтірді деген күдікке ілінді

Бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқановқа кісі өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кісі өлімі 11 шілдеде облыс орталығына жақын жердегі «Алтын дала» ауылында болған. Полицияның кезекші бөліміне бір әйел хабарласып, отағасының өлі денесін тапқанын айтқан.

— Жедел іс шаралары барысында қылмыстық істің бетін аштық. Күдікті Заречный ауылына қарай қашпақ болды. Әріптесіммен бірге сол маңайдағы «Садовод» шаруа қожалығында жүргенбіз. Бізге шаруа қожалығының күзетшісі хабарласып, күдікті туралы ақпарат берді. «Арлан» арнайы жасағының көмегімен күдіктіні қолға түсірдік. Оның спортшы екені анықталды, — деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Рақышев.

Күдіктінің бокстан 61 келіге дейінгі NBA жүйесі бойынша әлем чемпионы Аслан Мұқанов екені белгілі болды. 31 жастағы қостанайлық спортшы кәсіпқой рингте 6 кездесу өткізді.

Мынаны да қараңыз

Арқалық әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен отбасыға көмек көрсетуден бас тартқан

Арқалық қалалық соты Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 100 АЕК мөлшерінде ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *