Жолдау жауапкершілікті талап етеді – Зәуре БАЙМЕНОВА

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында «Қуатты Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» деген формуланы белгілеп, саяси жүйені жаңғыртуды жалғастыру қажеттігін атап өтті. Бұл ретте модернизациялық процестердің негізі «құлақ салар мемлекеттің» құрылуын, билік пен қоғамның тиімді тұрақты диалогын құруды анықтады.  Осыған байланысты біздің, мемлекеттік органдар алдымызда барынша ашық болып, халық сауалына жедел және тұшымды жауап беру міндеті тұр.

Қазірдің өзінде қала мен аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар мен департаменттердің халықпен кері байланыс орнатуы үшін әлеуметтік желілерде 144 аккаунтт іске қосылды. Байланыс желісі мемлекеттік органдардың азаматтардың түрлі санаттарына қызмет көрсетуіне, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпаратты ұғынықты тілде түсіндіруі үшін пайдаланылуы тиіс. Бұл – бизнесті құру және дамыту, жастарды, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселелері шешілетін алаң. Өз кезегінде, халық өз мұқтаждығымен бөлісіп, болса ескертулерін айтып, бағдарламаларды жүзеге асыру тетіктерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша тілектер енгізе алады.

Президент сондай-ақ азаматтық қоғамды қолдау мен нығайту, оны ең өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту қажеттігін атап өтті. Халық пен биліктің байланысын арттыру мақсатында, жақында  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды, оның бірінші отырысы 6 қыркүйекте өтті. Дәл осындай кеңестер өңірлік деңгейде, ауылдарда да жұмыс істей бастады. Біздің облыста құрылған облыстық және 20 Өңірлік кеңес құрамында 246 адам бар, олардың басым көпшілігі — 65 % — азаматтық қоғам өкілдері. Біздің алдымызда айтулы қоғамдық институттардың мәртебесі мен тиімділігін арттыру мәселесі тұр. Олар мемлекет пен оның азаматтарының сындарлы диалогының пәрменді алаңына айналуы тиіс. Билік өкілдері осыған күш жұмылдыруымыз керек.

Жалпы, Президент алға қойған міндеттерді табысты іске асыру үшін Үкімет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі талап етіледі. Осыған байланысты қолға алынған кейбір шараларға тоқталғым келеді. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша елеулі іс тындырылуда: атаулы әлеуметтік көмек жүйесін оңайлату, тұрғын үй беру, несие бойынша қарыздарды есептен шығару жұмыстары нәтижелі жүргізіліп келеді. Өкінішке қарай, кейбір тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында табыстарын жасырып, ұят әрекетке барды.

Осылайша, шынымен мұқтаж жандардың несібесіне ортақтасқандай болды.

Биылғы Жолдауда бизнесті қолдау бойынша да өзекті ұсыныстар айтылды, өз кезегінде, бұл бизнес-қауымдастықтың тұтынушылар мен азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттырары анық.

Зәуре БАЙМЕНОВА,

Қостанай облыстық Ішкі саясат

басқармасының басшысы

Мынаны да қараңыз

Сарықопа

Қасиетті Торғай жерінің ЮНЕСКО тізіміне ұсынылған жері — Сарықопа туралы Сарықопа! Енді, мән беріп отырсам, ...