Қостанайда полицей жол-көлік оқиғасына себепкер болды

Қостанайда тәртіп сақшысының қатысуымен болған жол-көлік апатына қатысты қызметтік тексеріс басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Мәуленов-Досжанов көшелерінің қиылысында болған.

«22 қыркүйек күні түнгі сағат 3.43-те полиция қызметкері мінген Mitsubishi Outlander көлігі жол қиылысында 32 жастағы жүргізушінің ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан «Ваз 2110» көлігі алдында тұрған «Ваз 2107» көлігіне зақым келтірген. Салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігінің 36 жастағы жолаушысы жарақат алды. Оған тізесінің жабық сынуы диагнозы қойылды. Ол бірден қалалық ауруханаға жеткізілді» делінегн полицияның ақпаратында.

Қазір осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралын пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар барлық жүргізушіге қанда алкогольдің бар-жоғына сараптама тағайындалды.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *