Арқалық және Рудный Құрылыс бөлімдерінің басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Рудный және Арқалық қалаларында құрылыс бөлімдерінің басшыларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы «Рудный қаласындағы шағын аудандарды газдандыру» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары шартын бір көзден алу тәсілімен жасағаны үшін және орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз қабылдағаны үшін ЖШС өкілінен құны 10,4 млн теңге болатын 2019 жылғы «Nissan Qashqai» автокөлігі түрінде пара алды деген күдік келтіріліп отыр.

Сонымен қатар «Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысына қатысты «Восточный кентінің су құбыры желілерінің құрылысы» нысаны бойынша 145 млн теңге сомасында орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз қабылдау үшін жоғарыда көрсетілген ЖШС өкілінен 250 мың теңге сомасында пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған лауазымды тұлғалар ҚІЖК 128-б. тәртібінде ұсталып, Қостанай қалалық ПБ УҰИ-ға қамалды. Сондай-ақ жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларға пара берді деген күдікпен ЖШС өкіліне қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *