Қостанайлық бала 7 жыл бойы мүгедектік төлемін ала алмаған

Қостанайда 7 жасар балаға 7 жыл бойы мүгедектік тобы қойылмаған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 жастағы Айсұлу Шибаева – екі баланың анасы. Ол екінші топтағы мүгедектігі үшін зейнетақы мен атаулы әлеуметтік көмек алады. Жеті жыл бұрын жол апатына түсіп, бірқатар ауыр ота өткерген. Бір жылдай төсек тартып жатқан келіншек аяққа тұрып, тіпті, екінші баласын дүниеге әкелді. Дәрігерлер Айсұлу Шибаеваның тұңғышына ұзақ уақыт бойы нақты диагноз қоя алмады. Оның церебралды сал ауруы бары анықталды. Бұдан бөлек, бұл отбасының тұрғылықты баспанасы жоқ. Сол себепті, мүгедектік тобы бойынша құжаттарды рәсімдеу мүмкін емес. Олар шешімін «Қостанай – адалдық алаңы» кеңселік жобасынан тапты. Оның проблемасына облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Қуаныш Бекбасов, бірқатар жауапты мемлекеттік орган мен облыстық мәслихаттың депутаттары үн қатты.

Арнайы комиссия құрылып, балаға мүгедектік тобы берілді.

«Бала жеті жыл бойы мүгедектігі бойынша төлем ала алмаған. Біздің міндетіміз – кез келген азаматтың мәселесін барынша шешіп беру. Бірнеше мемлекеттік органның күш-жігерін біріктіру арқылы Айсұлу Шибаеваның мәселесі біржақты етілді. Азаматтар үшін ыңғайлы және кедергісіз орта жасау – мемлекеттік қызмет көрсетудің басымдығы. Сонымен бірге бұл отбасыға қызмет көрсететін мамандар бөлінді» деді Қуаныш Бекбасов.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *