Қостанайда бір әйел көпірден секіріп кетті

Қостанай қаласында көпірден секіріп кеткен әйелге қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға бүгін сағат 10.16-да Қостанай қаласында болған.

«102» кезекші пультіне көпір жанындағы бордюрға бір әйелдің мініп тұрғаны хабарланды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жұмылдырылды. Сәлден соң Тобыл өзенінен әйелдің денесі шығарылды. Алдын ала болжам бойынша, ол көпірден секіріп кеткен. Қазіргі уақытта әйел туралы мәліметтер анықталып жатыр» делінген полиция ақпаратында.

ОБүгінде бұл дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабымен «Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» тергеу шаралары басталды.

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *