Қостанай облысының шалғай ауылдарына газ тартылады

Әулиекөл ауданының Құсмұрын елді мекеніне газ құбырын тартуға 4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Әулиекөл ауданы әкімі Ерлан Теменов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 3 жылға есептелген. Оны республикалық және облыстық бюджет қаржыландырады. Көгілдір отын игілігін құсмұрындықтар ғана емес, Чернигов ауылының тұрғындары да көрмек.

«Жобада көрсетілген үш жыл аясында мердігер компаниялар газ жеткізуші және таратушы желілерді салумен айналысады. Газ құбырын тартуға 4 млрд теңге бөлінді. Осылайша, Әулиекөл, Құсмұрын және Чернигов ауылдарын газдандыру арқылы ауданның 70% тұрғыны табиғи отынмен қамтылады. Бұдан бөлек, аудан орталығындағы 1,5 млрд теңгеге есептелген жалпы ұзындығы 123 шақырымдық газ тарату желісінің құрылысы аяқталуға жақын қалды», — деп түсіндірді Ерлан Теменов.

Айта кетейік, газдандыру жобасы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде іске аспақ.

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *