Таспа

25.11.2019

Мемлекет халыққа үнемі қолдау көрсетіп отырады — вице-премьер

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған бір топ Үкімет мүшесі Қостанай облысының Федоров ауылына барды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елордалық меймандар Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы аясында өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен олар Таза Шаңдақ ауылында жақында ашылған фельдшерлік-акушерлік пункттің қызметімен танысып, дәрігерлермен жүздесті. Айта кету керек, ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) салу жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылған. Ғимарат ...

Толығырақ »

Бердібек Сапарбаев: Баспана алу үшін 10-15 жыл кезекте тұрудың қажеті жоқ

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысының жұртшылығымен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұған дейін хабарланғандай, өңірге сапармен келген Үкімет мүшелері жастармен кездескен болатын. Облыстық филармония ғимаратында жалғасқан бүгінгі кездесудің басты тақырыбы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру. Б.Сапарбаев білім, денсаулық, АӘК, бизнес, әлеуметтік медициналық сақтандыру салаларына бөлінген қаржылар және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы кеңінен тарқатып ...

Толығырақ »

Сапарбаев Қостанай супермаркетін аралады

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысына жұмыс сапар барысында «Рахат» сауда орталығындағы «Rauzet» супермаркетіне барды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Б.Сапарбаев негізгі азық-түлік тауарлары бағасының жөнсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуына қарағанда, өңірлік тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрінен 8,7 мың тонна өнім ...

Толығырақ »