12.11.2019

Қостанай облысында қаржы жымқырған Мәдениет үйінің басшысы мен есепшісі сотталды

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Е. Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйі» ММ-нің басшысы Жандыбаева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Мощенкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Мәліметке сай, олар 722 000 теңге сомасына костюмдерді тігу бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін әзірлеп, оған қол қою жолымен қызметтік жалғандық және бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. ...

Толығырақ »

Қостанайда шенеунік пара алды деген күдікке ілінді (видео)

Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қостанай облыстық филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілікті. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі АШМ Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қостанай облыстық филиалының басшысына қатысты сыбайлас ...

Толығырақ »

Ертең Қостанай облысында ауа райы құбылады

13 қарашада, яғни ертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, күші 18 м/с болады деп күтіледі деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» мекемесінің мамандарына сілтеме жасап. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%. Тобыл-Торғай-ақпарат

Толығырақ »