Қостанайда биыл 29 көпқабатты тұрғын үй жөнделеді

Қостанай қаласында бірнеше көпқабатты үй жаңғыртудан өтеді. Бұл туралы Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында жазды.

Белгілі болғандай, облыс әкімі Қостанай қаласының бірқатар нысанын аралаған. Алдымен Қобыланды батыр даңғылына барды. Осы жылы мұнда инженерлік және электр желілерін күрделі жөндеу, үй аумақтарын абаттандыру жоспарлануда.

«Алтынсарин көшесі мен Абай даңғылындағы тұрғын үйлердің қасбеттері мен жұмсақ шатырларын жөндеу жұмыстарымен таныстым. 2020 жылы 29 көпқабатты тұрғын үйді жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. №4, 6, 19 орта мектептер мен №27 балалар бақшасында болдым. Осы білім беру ұйымдарында 2020 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Коммуникация желілерін, қасбетті, шатырды ауыстырып, мекемелерді абаттандыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу жоспарда бар» деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ облыс әкімі қала басшылығына барлық жұмысты белгіленген мерзімде атқарып, жоба құнының негізсіз қымбаттауына жол бермеуді тапсырды.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *