Таспа

Қостанайда дәрігер мамандар тапшы

Қостанай қаласында дәрігерлер тапшы. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Ахметов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Былтыр Қостанай қаласына облыстың басқа өңірлерінен 106 дәрігер келді. Оларға тиісті жағдайлар жасалып, көтермеақы төленді. Бірақ, соған қарамастан, қалада дәрігер тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта қала емханаларына 187 дәрігер жетіспейді» деді қала әкімі.

Кездесуде айтылғандай, биыл қалада жол жөндеу жұмыстарына айрықша мән беріліп, бірқатар әлеуметтік нысан жаңартылады.

Айта кетейік, Қайрат Ахметовке тұрғындар тарапынан көбіне ауызсу, қоғамдық көліктерге қатысты сауалдар қойылды.

 

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *