Таспа

Қостанайда дирижерлардың халықаралық форумы өтіп жатыр

Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ІІІ халықаралық дирижерлар форумы өтіп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Күні кеше форум шымылдығын облыстық филармонияның камералық оркестрі ашты. Абайдың 175 жылдығы мен орыс халық аспаптар оркестрінің 35 жылдығына арналған халықаралық форум әлі екі күн жалғасады. Филармония сахнасында әлемнің әйгілі композиторларының шығармалары шырқалды. Сонымен қатар Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының (Мәскеу) солисі, бас-баритон Павел Черных «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді.

Форумда Абзал Мұхитдинов, Берік Батырхан, Асхат Манақбаев, Тарас Мызин сынды мәдениет саласына еңбегі сіңген дирижерлар өнер көрсетті. Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысы Ерлан Қалмақов дирижерлар форумының басталуымен құттықтап, Абзал Мұхитдиновке алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

«Үшінші жыл қатарынан осынау бірегей жобаны өткізіп отырмыз. Қостанайлықтар әлемдік деңгейде танымал жеті дирижердің өнерін тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл кісілердің біздің өңірге келуінің өзі бір жаңалық. Филармониямыздың қазақ және орыс ұлт аспаптар оркестрі, камералық оркестр репертуарын толықтырды. Тыңдарман сынынан өткен осындай музыка майталмандарымен тәжірибе алмасып, кәсіби деңгейде өсіп, шыңдала түседі» деп атап өтті Ерлан Қалмақов.

Бүгін қазақ халық аспаптары оркестрі концерттік бағдарлама ұсынса, ертең орыс халық аспаптар оркестрінің мерейтойлық концерті өтпек.

 

Фото Николай Стадниченконыкі 

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *