Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Архимед Мұхамбетов өңірдегі тұрғын үй құрылысының, соның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған баспаналар салудың  оң қарқыны, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ арнайы техника мен автомобильдер шығару жөніндегі маңызды индустриялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу шараларын қабылдаудың маңызды екенін атап өтіп, Арқалық Жылу энергиясы орталығын қайта қалпына келтіру жұмыстарын тезірек аяқтауды тапсырды.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *